Жуырда Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты «Нұр Жолы» ветеринариялық бақылау бекетінде 113 тоннадан астам ет өнімі жарамсыз деп танылды.
7 бірдей заңбұзушылық дерегі анықталып, кінәлілер 1 миллион теңгеден астам сомада айыппұл арқалады. Ал Қытай халық республикасынан әкелінген ауқымды ет көлемі арнайы жабдықталған алаңда өртеліп, толықтай жойылды. Ол ол ма? Жыл басынан бері 1200 тоннадан аса импортталған жеміс-жидек пен көкөніс өнімі де зиянды деп танылып, бірден залалсыздандыруға жолданды. Себеп неде? Шетелдік бақша өнімдерінен төнер қауіп қандай? Шекарадан өткізілгенде оларға қандай талап қойылады?
Марат Ибраев, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:
- «Нұр жолы» бекетінде ҚХР-нан тыйым салынған өнімдерге біздің ветеринарлық қызметкерлермен және шекаралық қызметкерлермен бірлесіп, 7 көлік машинада тасымалданған шектеуге қойылған 22 тонна балыққа арналған азық және 66 тонна мұздатылған құс еті, тауық еті, 46 тонна үйрек еті ұсталынып, себебі, документтері болмай және 2012 жылы бастап Қытай республикасына бізде құс тұмауына байланысты шектеу қойылған. Сол себепті, бұл өнімдер өте қауіпті деп саналып, «май айында» Панфилов қаласының полигонында көзі жойылып, өртелініп және осы заң бұзушылықтарға айыппұл салынды.
Шетелден әкелінетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы тікелей Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыретінде. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының айтуынша, импорттық өнімдер елдегі 90-ға жуық шекаралық бекетте фитосанитариялық тексерістен өтеді. Талапқа сай келсе, дүкен сөрелеріне жолданады, олай болмай шыққан жағдайда кері қайтарылып, өнім тасымалына жауаптылар айыппұлға ілігеді.
Сәкен Қаныбеков, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:
- Әр бекетте арнайы қызметкерлер бекітілген. Жалпы айтатындай 54-і негізгі шекарада орналасқан. Қалғандары Ақтауда 3 бекетіміз бар. Одан қоса, теміржолда, аэропорттарда барлық жерде негізі бекеттеріміз бекітілген. Соған сәйкес келген өнімдердің бәрі міндетті түрде лаборатория арқылы өткізіледі. Кейбір бекеттерімізде негізі пцрларымыз бар. Тез арада анықтап беретін. «Лабораторияға әкелгеннен кейін оған қаражаты төленеді. Соған сәйкес фитосанитарный несін жатады, жатпайды деп сапасы соған беріледі. Соған сәйкес, базарларда рұқсат беріледі сатуға.
Министрлік өкілінің сөзіне сенсек, импорттық ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша былтыр 940 мың заңбұзушылық дерегі тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 1200-ден асып жығылған. Сәйкесінше, кінәлілерге салынған айыппұл көлемі де 180 миллионнан 230 миллион теңгеге дейін ұлғайған.
Тойгүл Жұбанисова, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі:
- «Қазақстанның балғын, жаңа піскен жеміс-жидектер түрі бойынша бүкіл елмен сауда тауар айналымы бұл 561 млн АҚШ долларын құраған 2025 жылғы деректер бойынша. «Оның әрине, басым бөлігі 90 пайызы бұл импорттық түсімдерін құрайды. «Оның ішніде бізде тауар айналымы ең бірінші кезекте тұрған бұл Қытай мен Өзбекстан. Осы екі елден біз жеміс-жидек түрін өте көп сатып аламыз. Бірінші кезек әрине, Қытайға тиесілі. Одан кейін бұл елдердің қатарында көршілес Ресей бар, Ираннан тасымалдайтын жеміс-жидектер бар. Әр маусымына қарай. Одан бөлек, Әзербайжаннан, Турциядан кейбір жеміс-жидек түрлері бойынша біз Қырғызстаннан да тасымалдаймыз.
Ал дүкен сөрелерінде самсап тұратын, көз қызықтырып, тәбет ашатын алуан түрлі шетелдік жеміс-жидек пен көкөніс ағзаға қаншалықты қауіпсіз? Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкіліне құлақ түрелік.
Данагүл Қасқатаева, ҚР ДСМ Санитариялық эпидемологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы:
- Қазіргі кезде 9 мыңнан астам тағам өнімі тексерілді. Оның ішінде 753 тағам жеміс жидек, бақша өнімдері тексерілді. Нәтижесінде, сәйкес келмитін өнімдер 11 пайызында анықталды. Оның ішінде 10 пайызында бақша өнімдері, жеміс-жидек өнімдері. Сәйкес келмитін өнімдердің басым бөліктері - импорттық өнімдер. Негізгі бұзушылықтары таңбалау ережелерін сақтамауында 93 пайызда, сонымен қатар 6.7 пайызда қауіпсіздік талаптарын сақтамау. Өнімнің көгеріп кеткендігі, ішек таяқшаларының болуы, өнімдердің ластануы, шіруі және мерзімді сақтау мерзімдерінің өтіп кеткендігі туралы осындай сәйкессіздіктер анықталды.
Маманның сөзінше, талапқа сәйкес келмеген бақша өнімдерінің 38 пайызы Ресей мен Қырғызстан елдеріне тиесілі.
Данагүл Қасқатаева, ҚР ДСМ Санитариялық эпидемологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы:
- Қазіргі кезде нейтраттардың шамадан тыс болғандығы анықталған жоқ. Дегенменен, өнімдердің басым бөлігі әлі зертханалық талдауда жалғасуда. Тұтынушылардың назарына айтатынымыз тамыз айында «табиғи піскен өнімді тұтынған дұрыс».
Сондай-ақ көкөніс пен жеміс-жидекті сатып аларда оның сыртқы пішініне мән беріп, арнайы сауда орындарынан алған жөн дейді маман. Сырты жарылып, көгерген, қолға жабысқақ боп, шамадан тыс жұмсарып кеткен өнімдерден аулақ болған абзал.
Авторлары: Назым Кенжебай, Мерей Талап
Тегтер #Жетісу облысы #бақылау бекеті #Заң мен тәртіп #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz