RU
Толық нұсқаға өту

Бюджеттегі бәсекелі сауда көлемі 8 триллион теңгеге дейін ұлғайды

17.06.2026, 17:14 48

Мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау нәтижесінде бір көзден сатып алу үлесі 39 пайыздан 24 пайызға дейін азайды. 

Соның арқасында бюджет аясындағы бәсекелі сауда үлесі 8 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдап, Экономиканы ырықтандыру жөніндегі Жарлықтың іске асуына арналған есебін тыңдады. Марат Омаровтың айтуынша, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландыру жоспары бекітілген. Құжат 2026-2030 жылдарға арналған. Бәсекелестік ортаға берілетін активтердің жиынтық кірісі 3,4 триллион теңгені құрайды. Одан бөлек, бизнеске тауар нарығына кіруіне тосқауыл қоятын кедергілерді жою, өнімсіз делдалдардан арылу жайы талқыланды. Саладағы заңнамалық түзетулердің алтыншы пакеті қаралды. Заң жобасында бәсекелестік саясаттың тиімділігін арттыруға, монополияланған нарықтардағы бақылауды күшейтуге және экономиканың мемлекеттік сектордағы үлесін қысқартуға бағытталған жеті жүйелі бағыт көзделген. Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz