Мамыр, маусым айларының өзінде осындай 22 оқиға тіркелді.
Ал өткен жылдың жаз мезгілінде 27 бала терезеден құлады. Қайғылы жағдайдың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында құтқарушылар терезелерге арнайы торларды тегін орнатып беруде. Жаз басталғалы 500-ден астам пәтер қауіпсіздік құралымен қамтылды.
Терезе орнатушы маман Мадияр Тельманов тұрғындарға қарапайым қорғаныс құралдарын көрсетеді. Оның айтуынша, ата-аналар көбіне кабельдік шектеулерден бөлек, берік заттан жасалған қорғаныс торларын таңдайды. Ол 100 келіге дейінгі салмаққа төтеп береді. «Сондай-ақ балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермейді», - дейді.
Мадияр Тельманов, терезе орнататын шебер:
- Мысалы, терезе орнатуға тапсырыс берген 10 тұтынушының тек 6-ы ғана қорғаныс құралын орнатады. Өйткені қазір балалардың терезеден құлау оқиғалары көбейіп кеткен. Көбісі соған алаңдайды.
Биыл мамыр мен маусым айларының өзінде облыста 22 бала терезеден құлап кеткен. Абырой болғанда қайғылы жағдай тіркелмеген. Әйтсе де тұрғындар арасында үрей басым. Себебі оқыс жағдайлар әлі де жалғасып отыр. Сондықтан құтқарушылар қауіптің алдын алу шараларын күшейтті. Енді олар ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуден бөлек, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың пәтерлеріне терезе торын тегін орнатып беріп отыр.
Темірлан Айтжан, облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы:
- Көбінесе балалардың терезеден құлауы ересектердің тарапынан жіберілген салғырттықтың нәтижесінен болады. Яғни балаларды қараусыз қалдыру, терезелерді ашық қалдыру және маскиттік торларға сену. Себебі маскиттік торлар ол баланың терезеден құлауына қорғалмаған. Ол баланың салмағына арналмаған. Әрине бұл алаңдатарлық шаруа. Өйткені әр балаөмірін ерексектерге, ата-аналарына сеніп тапсырады. Сондықтан оған бей-жай қарау – салғырттық деп ойлаймын.
Құтқарушылар көбінесе балалар 2-3 қабаттардан көп құлайтынын айтады. «Себебі ата-аналар бұл биіктікті қауіпсіз деп санап, терезелеріне қорғаныс құралдарын орнатпайды», - дейді. Сондықтан олар қауіпсіздік торларын 1 қабатта тұратындарға да орнатуға кеңес береді. Өйткені бала құлап кетсе ауыр жарақат алуы мүмкін.
Авторлары: Жандос Жұмабек, Лиана Жамлиханова, Сайлау Игликов, Аман Хамит
Тегтер #Қарағанды облысы #терезе #балалар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz