RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда «Жасыл ел» жасағы жұмысын бастады 

17.06.2026, 21:09 34

Атырауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының кезекті XXIІ маусымы ашылды. 

Облыс орталғындағы саябақта өткен салтанатты шараға жиналғандар биыл атқарылатын жұмыс көлемімен танысты. Күні бүгінге дейін еңбек жасағына 100 жас қабылданып, 200-ден астам өтініш қаралуда. Жалпы биылғы маусымда 1100-ге жуық жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр. Олардың дені – колледж студенттері мен жұмыссыз жастар. Жасақ сарбаздары көгалдандыру, абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарға жұмылдырылады. Облыс орталығындағы 20-ға жуық саябақ пен гүлзарлардың күтімі енді жаз бойы жастардың міндетінде болмақ. Сонымен қатар олар түрлі экологиялық бастамалар мен акцияларға қатысады. Осындай еңбек жасақтары облыстың 7 ауданында құрылады.

Заманбек Құрақбай, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы республикалық штабы облыстық филиалының төрағасы:

- Негізгі мүмкіндік – жастардың табиғатқа, өлкеге деген жанашырлығын арттыру. Көбіне 16 жастағы жасөспірімдер өтініш тастап жатыр. Жастар алғашқы жұмысы деп қабылдайды. Жалақысы жалпы еліміздегі ең төменгі жалақы – 85 000 теңге. Ұсталатын әртүрлі әлеуметтік аударымдары бар. солар ұсталып келгенде, қолға 65-70 мың теңгедей түседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz