RU
Толық нұсқаға өту

Сәбиін құшақтап курьер болған әйел: министрлік отбасы туралы тың мәліметтерді жариялады

18.06.2026, 12:46 103

Әлеуметтік желіде сәбиін арқалап, курьер болып жұмыс істеп жүрген ананың бейнежазбасы қызу талқыланған болатын. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиғаға қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды «24KZ».

Ведомство мәліметінше, ерлі-зайыптылар баласымен бірге 19 мамырда Шымкенттен Алматыға көшіп келген. Ер адамның IT саласында жоғары білімі бар, ал әйелдің техникалық орта білімі бар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқар Ертаевтың айтуынша, отбасы әлеуметтік осал топқа жатпайды. Сондай-ақ оларға туыстары тарапынан қолдау бар, ал жас жұптың материалдық жағдайы тұрақты деп бағаланады.

 «Олардың 2 миллион теңге несиесі және меншікті автокөлігі бар. Шымкентте тұрғанда жақсы өмір сүрген. Туған ағасы ломбард саласында қызмет етеді, ата-анасының да жағдайы жаман емес», – деді Асқар Ертаев.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, қазіргі уақытта әйелдің жұбайына «Мансап» орталығы арқылы бірнеше бос жұмыс орны ұсынылған.

Сондай-ақ министр сәбиімен бірге жүрген әйелді курьер ретінде жұмысқа алған компанияның қызметіне қатысты да сұрақтар бар екенін айтты. Оның сөзінше, бұл жағдайдың мән-жайы қосымша тексерілетін болады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz