«Хабар» агенттігінің медиа мамандары Түркияның президенттік телерадиокомпаниясында білім-біліктіліктерін жетілдіруі мүмкін.
«Хабар» агенттігі мен Түрік ынтымақтастығы мен үйлестіру агенттінің басшылары осы мәселені талқыламаққа Астанада бас қосты. Кездесуде «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев және TİKA агенттігінің Қазақстандағы басшысы Фуад Ердогмуш екіжақты қарым-қатынасты кеңейту жайын қаузады. Атап айтқанда, медиагенттіке қарасты телеоператор, жарық қоюшы режиссер, журналист мамандарының Анадолы елінің ең беделді Президенттік телерадиокомпаниясында тәжірибеден өту мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ агенттік пен TİKA бірлескен оқу бағдарламасын жасап, мамандардың өзара тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талдады. Бұдан бөлек, бірлескен гуманитарлық жобаларды іске асыруға уағдаласты. Фуад Ердогмуш «Хабар» агенттігімен серіктестік байланысты одан әрі тереңдетуге бейілді екенін жеткізді. Айта кетейік, TİKA агенттігі 1992 жылы Түрік президенті әкімшілігінің жанынан құрылған. Халықаралық қатынастарды дамытуға сүбелі үлесін қосып келе жатқан іргелі ұйым саналады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Хабар #Түркия #медиаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz