Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында бір отбасының төрт мүшесінің қаза табуына қатысты атышулы іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.Айыпталушы Сәрсемалиев өз әрекетіне қатысты түсініктеме беріп, балаларын нағашыларына бермеу ниетімен барғанын айтты, деп хабарлайды «24KZ».
Ол өз сөзінде эмоцияға беріліп, көз жасына ерік беріп, анасы да баласынан әрі немерелерінен айырылып қалуы мүмкін деп ойлағанын жеткізді.
«Менің тірі кезімде басынып балаларымды себепсіз алып қоймақшы болды. Егер мен өмірден өтсем, анам баласынан әрі немерелерінен айырылып қалады деп ойладым. Балаларымнан да сұрадым, үлкен ұлым да, кіші ұлым да апаларына үйреніп қалғанын, нағашыларына барғысы келмейтінін айтқан еді», – деді ол сотта.
Сот процесі жалғасып жатыр.
Тегтер #Атырау обл #Сәрсемалиев #балалары #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz