Атыраудағы бір отбасының төрт мүшесінің қаза табуына қатысты іс бойынша сот процесінде жәбірленуші тарап сотталушы Сұлтан Сәрсемалиевтен 70 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіруді талап етті, деп хабарлайды «24KZ».
Талап-арыз Қарабалиндер мен Өтекүшқалиевтер отбасы атынан марқұм Мақсот Қарабалиннің әпкесі Әдемі Шылмағамбетова арқылы берілген.
Айыпталушы Сәрсемалиев жәбірленуші тараптың талабымен келісетінін мәлімдеді. Алайда ол сот шешімі шығарылған жағдайда мұндай көлемдегі өтемақыны өтеуге жеткілікті мүлкі мен қаражаты жоқ екенін айтты.
«Менің ең басты және жалғыз байлығым — менің күндерім», – деді ол судьяның сұрағына жауап бере отырып.
Сот процесі жалғасып жатыр.
Тегтер #Атырау обл, #Сәрсемалиев #сот #70 млн #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz