Атырау облысында орын алған отбасы трагедиясына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтен жауап алынды, деп хабарлайды «24KZ».
Соттың «Қайын ағаңыз Наурыз Мұқанғалиевтің алдында өзіңізді кінәлі сезінбейсіз бе?» деген сұрағына ол:
«Іс-әрекетім үшін өзімді кінәлі деп санаймын. Бірақ оған қатысты жеке басымнан ешқандай кінә болған жоқ. Мен оған қандай жамандық жасадым?» – деп жауап берді.
Сотта судья айыпталушға тағы бірнеше сұрақ қойды. Атап айтқанда, «Неге осы уақытқа дейін шынайы өкініш білдіріп, Меккеге барып кешірім сұрау ойыңызда болған екен, жәбірленушілерден кешірім сұрамадыңыз?» деген сұрақ болды.
Сәрсемәлиев былай деді:
«Бәрі өшпенділіктен болды. Өзімді де кешірмеймін, марқұмдарды да кешірмеймін», – деп жауап қатты.
Сұлтан Сәрсемәлиевтің айтуынша, марқұмдар оның отбасына қысым көрсетіп, балаларын өздеріне алып кетуге әрекеттенген. Айыпталушының сөзінше, оқиғаға түрткі болған негізгі себеп осы.
Сот процесі жалғасып жатыр.
Тегтер #Атырау обл #Сәрсемалиев #сот #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz