Елорда мен елдің солтүстік өңірлеріне табиғи газ тарту үшін жаңа магистральдық газ құбыры салынады.
Қазір аталған жобаны Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» компаниясы пысықтап жатыр. Жаңа құбыр «Сарыарқа» газ тасымалдау жүйесін Ресейдің Түмен облысындағы газ желісімен байланыстырады. Жоба іске асқан жағдайда, 2030 жылдан бастап Қазақстанға жылына 6,3 миллиард текше метрге дейін көгілдір отын жеткізіледі. Нәтижесінде бас қаладан бастап Петропавл мен Көкшетау қалаларына газ тарту жұмыстары жеңілдемек.
Қайырхан Тұтқышбаев, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Қазір Астана қаласында Жібек жолы, Нұрлы, Шұбар, Аққайын, Талапкер, Қоянды, Қараөткел, Астанаға жететін өңірлер газға қосылды. Бұл – 121 мың адам. Осы 2026 жылы Қосшыға өте сала Целиноградский ауданында Қызылсуат, Қаражар, Қараөткел, Тайтөбе аудандарында тағы газ қосылатын болады. 106 мың адам газбен қамтамасыз етілетін болады.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz