RU
Толық нұсқаға өту

Бұқтырмада катерлер үшін айыппұл тұрағы жабдықталады

19.06.2026, 19:30 54

Бұқтырмада ереже бұзған катерлер айып тұрағына қойылады. Жергілікті билік пен құтқарушылар осылайша Бұқтырма акваториясында тәртіп орнатуды көздеп отыр.

Олардың айтуынша, скутерлер мен моторлы қайықтар жағалауға тым жақын жүзіп, демалушыларға қауіп төндіреді. Сонымен қатар кейбір су көлігін басқарушылар құтқару кеудешесін кимейді. Қазір жағажай аумағындағы жағдай дрондар арқылы бақыланып жатыр. Алдын алу жұмыстары үшін ұшқышсыз аппараттарға дауыс зорайтқыштар орнатылған. Курорттық аймақтарға қосымша құтқарушылар жіберіліп, бақылау бекеттері қойылды. Шомылу маусымы басталғалы өңірдегі жабдықталмаған су айдындарында екі адам суға батып кеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz