Ташкентте Астана қаласының медициналық мүмкіндіктері таныстырылды.
Әсіресе Өзбекстан азаматтары үшін үлкен сұранысқа ие нейрохирургия, кардиохирургия, травматология сияқты бағыттар насихатталды. Елорданың үздік медицина мамандары Ташкент тұрғындарына тегін қызмет көрсетіп, іскерлік компаниялармен келіссөздер жүргізілді. Игі шараның басты мақсаты Астанаға көптеп турист тарту.
Бүгінде Астана қаласы медициналық туризм бойынша Орталық Азияда жетекші рөлге ие. Былтыр елордаға 6 мыңнан астам шетелдік турист арнайы келіп,медициналық көмекке жүгінген. Клиникалық орталықтарда білікті мамандар соңғы технологиямен жұмыс істейді. Ең бастысы дертіне шипа іздегендер ауыруыннан айыққан.
Базарбек Қамысбаев, «Astana Tourism» орталығы Медициналық туризмді дамыту департаментінің директоры:
- Кейбір салалар бойынша кардиохирургия, чекап, нейрохирургия қызметтері бойынша дәрігерлерді алып келдік. Олар осы жердегі тұрғындарға тегін көмек көрсетеді. Сондай- ақ келіссөздер жүргізіп дайындалатын болады.
Жергілікті туризм орталықтарының өкілдері кардиохирургия, нейрохирургия, ортопедия мен травматология сияқты бағыттарға сұраныстың жоғары екенін айтады. Оның бір себебі Астанадағы медициналық орталықтарда хирургтермен қатар роботтар да ота жасайды.
Ерсін Усин, Клиникалық орталық жетекшісі:
- Біз алдын ала сол мониторда жоспарымызды құрып кесіп аламыз. Сосын оның нәтижесін көреміз де операция бастаймыз. Ал роботсыз болса, хирург кесіп алған соң дұрыс істедім бе, дұрыс істемедім бе деп қарайтын болады. Ал робот арқылы соңғы нәтижені ерте көруге мүмкіндік бар.
Роуд-шоу бағдарламасы аясында екі елдің медицина өкілдері жекелеген кездесулер өткізіп, туризм саласындағы серіктестікті дамытудың басым бағыттарына екпін берді. Сондай-ақ Ташкент тұрғындары үшін Астанадан келген жетекші дәрігерлер тегін консультациялар берді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ташкент #медицина #АстанаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz