«Самұрық-Қазына» қайырымдылық қорымен Абай облысында 19 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
Бұл бастамалар тұрғындарға сапалы білім алуға, денсаулығын қалпына келтіруге және барынша қолжетімді әрі жайлы әлеуметтік орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қай жобалар қазірдің өзінде халыққа көбірек пайдасын тигізіп жатыр?
«Самұрық-Қазына Траст» қорының қолдауымен Абай облысында инклюзия, оңалту және спорт салаларын қамтитын әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр.
Альфия Адиева, Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорының бас директоры:
- Қордың өзіндік миссиясына сәйкес, біз Қазақстанның әр өңірінде түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырамыз. Абай облысында соңғы 10 жыл ішінде 4,3 млрд теңге тұратын 19 әлеуметтік жоба жүзеге асырған екенбіз.
Осындай нысандардың бірі – көру қабілеті нашар адамдарға арналған инклюзивті кітапхана. Мұнда Брайль және тифлология кабинеттері жұмыс істейді, арнайы оқыту бағдарламалары, қазақ және орыс тілдеріндегі аудиоқор қолжетімді.
Арман Жақпелова, кітапхана қызметкері:
- Арнайы кітапханалардың маңызын асыра бағалау мүмкін емес. Себебі көру қабілетінен айырылған адамдар үшін бұл әрі бос уақытты тиімді өткізу орны, әрі қарым-қатынас алаңы.
Балаларға да ерекше көңіл бөлінеді. Олар үшін өңірде екі тегін оңалту орталығы жұмыс істейді. Мұнда церебральді сал ауруы, аутизм спектрінің бұзылыстары және Даун синдромы сияқты диагноздары бар сәбилер мен мектеп жасындағы балаларға көмек көрсетіледі.
Мирас Қайырханов, Ақсуат ауданының тұрғыны:
– Екі ұлыммен келіп отырмын. Үлкен ұлымда ДЦП, екінші ұлымда «задержка речи». Жасы 3-ке келіп қалды, тілі әлі шыққан жоқ. Орталыққа келіп жатырмыз.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту спорт саласында да жалғасып жатыр. 15 мыңға жуық халқы бар Мирный шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Ол қаланың шалғай бөлігіндегі тұрғындар үшін қолданысқа берілетін алғашқы спорт нысаны болмақ. Ал жақын арада өңірде бес инклюзияны қолдау кабинеті ашылады.
Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Медет Өмірханов
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Самұрық Қазына #Абай облысы #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz