Еліміздегі заманауи OLIMP зертханалық кешендерінің бірі Қарағандыда ашылды.
Мұндағы зерттеулер адамның араласуынсыз жүзеге асырылады және жабдық тәулігіне 70 мың сынақты жүргізуге қауқарлы. Жаңа орталық зертханалық диагностикалық мүмкіндіктерді кеңейтіп, талдауды тезірек, дәлірек жасай алады және қызметтері облыс тұрғындарына қолжетімді болады.
Жаңа кешен бірнеше зертханалық диагностикалық бағыттарды біріктіреді. Мәселен, бұл клиникалық, микробиологиялық, генетикалық және ветеринарлық. Мұнда жеңіл талдаулардан бастап, қазіргі заманғы ПТР және молекулалық-генетикалық сынақтарға дейінгі көптеген зерттеулерді жасауға болады. Бұл диагностикалық мүмкіндіктерді кеңейтіп, олардың дәлдігін арттырады.
Ерлан Сүлейменов, «ОЛИМП» зертханалар желісінің бас директоры:
- Бүгінде Альцгеймер ауруы, яғни деменция көбейіп барады. Бізде осы сырқатқа диагностика жасайтын арнайы технология бар. Біз Roche компаниясымен бірлесіп бұл сынақтарды жүзеге асырамыз. Сондай-ақ біз генетикалық тестілеуді орнында жүргізетін боламыз. Бұл бізге қатерлі ісікпен күресуге және онкологиялық ауруларды анықтауға көмектеседі.
Roche Diagnostics компаниясының заманауи роботтық жабдықтары - жаңа кешеннің жүрегі іспетті. Пробиркаларды анализаторлар арасында автоматты түрде тарататын қадағалау жүйесі орнатылды, ал роботты сақтау жүйесі олардың кейінгі қозғалысы мен сақталуын бақылайды. Мұның бәрі қателікті болдырмауға және талдаудың дәлдігін арттыруға көмектеседі. Қазақстанның басқа ешбір зертханасында мұндай қондырғы жоқ.
Хасан Демирчи, Roche Diagnostics жетекшісі:
- Бұл құрылғы лаборанттардың қолмен жасайтын жұмысын алмастырады, қайталама сынақтары үшін пробиркаларды автоматты түрде сақтайды. Аталған тәсіл автоматтандыруды арттырады, қателер ықтималдығын азайтады әрі дәлірек және жылдам диагностикалық нәтижелерге мүмкіндік береді.
Жобаға салынған инвестиция шамамен екі миллиард жеті жүз миллион теңге. Қарағандыдағы OLIMP клиникалық-диагностикалық зертханасының аймақтың денсаулық сақтау жүйесінде өзіндік орны бар. Әрі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жұмысын жалғастыра береді.
Авторлары: Достық Талғатұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #олимп #Қарағанды #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz