Жануарларға қатыгездік жасағандарға жаза қатаңдайды. Президент тиісті заңға қол қойды.
Құжат жануарлар дүниесін басқару жүйесін жаңғыртуға, саланы цифрландыруға, жануарлар ресурстарын қорғау мен көбейту тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасын бұзғандар үшін, жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Жаңа заң тағы қандай нормаларды қамтиды?
Мемлекет басшысы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану мәселелеріне қатысты заңға қол қойды. Құжат аңшылық шаруашылығында жануарларды өсіру ісін дамытуға, оларды есепке алу жүйесін толық цифрландыруға бағытталған. Сондай-ақ электр желілерін құстардың қырылуына жол бермейтін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтау талабы енгізілді.
Олжабек Холов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы:
- Заң жануарларға қатыгездік танытқандарға жауапкершілікті күшейтеді. Енді мұндай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі артып, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамауға алу және бас бостандығын шектеу мерзімдері ұлғаяды.
Олжабек Холов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы:
- Құжаттағы нормаларды іске асыру жануарлар дүниесін қорғау тиімділігін арттыруға, биоалуантүрлілікті сақтауға және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Авторы: Әлішер Әли
Тегтер #Заң мен тәртіп #жануарлар #жаза #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz