Солтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері 2 мың 432 қоныс аударушы мен қандас көшіп келді. Оларға мемлекет тарапынан бірреттік көтермеақы төленіп, үй сатып алуға “Экономикалық ұтқырлық сертификаты” берілді. Оның көлемі биыл 7 млн.теңгеге жетті.
Тұрсынәлі Ауғанбек Тайынша ауданына Алматы облысынан көшіп келді. Бес балалы отбасы бастапқыда мемлекет есебінен аудан орталығында пәтер жалдап тұрды. Енді “экономикалық ұтқырлық сертификатымен”жанындағы Миронов ауылынан үй алып, қоныстанып жатыр.
Тұрсынәлі Ауғанбек, Миронов ауылының тұрғыны:
- 3 айдай болды келгеніме. Жақсы. Бұл жақ керемет. Адамдары да жақсы. Былай бір көші - қонмен айналысып жатқан мекемелері де жақсы. Ені былай айтқанда осы үйге бір апта болды көшіп келгеніме. Алып берді. Алдында квартира алып берді. Барлық жағынан қарасып жатыр.
Көпбалалы әке көшіп келген соң, қол қусырып отырған жоқ. Бірден Тайынша қаласында жеміс-жидек сататын сауда нүктесін ашты. Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысына 599 отбасы қоныс аударды. Биыл қоныс аударушыларға мемлекеттік төлемдерді алу шарттары өзгерді.
Азамат Оразбай, Еңбек мобильділігі орталығы бөлімі басшысының м.а.:
- Үй сатып аламын, үйлі боламын деген кісілерге кемінде 12 ай қатарынан әлеуметтік аударымдар түсіп отыру керек. Содан кейін барып қана үйге берілетін “Экономикалық ұтқырлық сертификатын” ала алады. Бұл 2026 жылы 7028125 теңгені құрайды.
Биыл қоныс аударған 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл еңбек нарығындағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оларға бизнес бастауға қайтарымсыз грант қарастырылған.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков
Тегтер #Таңдаулы #СҚО #қоныс аудару #қандас
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz