RU
Толық нұсқаға өту
Фото: azh.kz

«Қауіпті қылмыскердей ұстады»: Атырауда жасөспірімді ұстау оқиғасы дау туғызды 

22.06.2026, 10:09 61

Атырау қаласының тұрғыны Айнагүл Нарыбаева кәмелетке толмаған ұлының ұсталуына байланысты полиция қызметкерлерінің әрекетін тексеруді талап етіп, Ішкі істер министрлігі мен ішкі қауіпсіздік департаментіне шағым түсірді, деп хабарлайды «24KZ».

Әйелдің айтуынша, оқиға 14 маусым күні кешке Балықшы шағын ауданындағы «Эльдорадо» компьютерлік клубының жанында болған. Оның сөзінше, полиция қызметкерлері жасөспірімді сыртқа шығарып, телефонын тартып алып, күш қолданған. Қорқып кеткен бала қашуға әрекет жасаған. Кейіннен жасөспірім полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген ақпарат тараған.

«Жағдайдың мән-жайын анықтамай-ақ, кәмелетке толмаған ұлымды жерге жатқызып, қауіпті қылмыскерді ұстағандай қолына кісен салды. Бұл оның психологиялық жағдайына және адамдық қадір-қасиетіне елеулі зиян келтірді», – деді анасы.

Өтінішінде әйел қызметтік тексеру жүргізуді, полиция қызметкерлерінің бейнетіркегіш жазбаларын зерттеуді, күш қолданудың заңдылығын тексеруді және оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беруді сұраған.

Әзірге Атырау облысының полиция департаменті бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz