Таиландта жоғалып кеткен қазақстандық рэпер, көпке Кисло-Сладкий лақап атымен танымал Дархан Жұмабек аман-есен табылды. Бұл туралы режиссер Парасат Ибраев әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды «24KZ».
Оның айтуынша, қазір отандасының жағдайы жақсы, ауыр жарақат алмаған.
“Ең бастысы – Дарханның аман-есен табылғаны. Қазір алып-қашпа әңгімеден гөрі, жақсы сөз айтып, қуанышқа ортақтасатын уақыт. Баршаңызға рахмет”, – деп жазды ол.
Алдын ала мәлімет бойынша, рэпер Пхукеттегі ауруханалардың бірінен табылған. Оқиғаға байланысты жақындары миграциялық полицияға жүгінген.
Дарханның жоғалып кеткені туралы режиссер Парасат Ибраев әлеуметтік желіде хабарлаған еді.
Оның айтуынша, үш күн бұрын рэпер Бангкоктан Пхукетке ұшып келуі керек болған. Сол уақыттан бері ол байланысқа шықпаған, телефоны өшіп тұрған.
Соңғы рет сөйлескен кезде жанында бір адам болған. Сол кісі Дарханның Малайзия жаққа кетуі мүмкін екенін айтқан.
«Біз бұл жақта қонақүй жалдап, қажетті техникаларды арендаға алып, күтіп отырдық. Ең бастысы – аман-есен табылса екен», – деп жазған еді Парасат Ибраев.
Режиссер Instagram парақшасында іздеу жұмыстарына қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғыс білдірді.
Қазіргі уақытта репердің жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Айта кетейік, бұған дейін, шетелде жұмбақ жағдайда жоғалған қазақстандықтар туралы жазған едік.
Тегтер #Тайланд #рэпер #табылды #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz