Ақтөбеде дүлей дауыл салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұйытқыған жел екі көпқабатты және бес жеке үйдің шатырын ұшырып, билбордтар мен шағын сәулет мүсіндерін зақымдаған. 80 түп ағаш құлап, көшелер мен жүргіншілер жолдарын және екі көлікті басып қалды. Абырой болғанда, оқыс оқиға кезінде адамдар зардап шеккен жоқ. Дауыл салдарынан 200 абонент жарықсыз қалды. Электр қуатын қалпына келтіру үшін он бригада жұмыс істеп жатыр. Тағы екі жасақ қала көшелерін тазалауға кірісті. Төтенше жағдайға байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін шұғыл топ құрылды.
Мирас Әжібаев, Ақтөбе қ. «Астана» ауданы ТҮКШ бөлімінің басшысы:
- Қазіргі таңда екі бригада күшейтіліп, күні-түні жұмыс жасап жатыр, ол мына тал кесу бригадалары, үлкен талдарды жол бөгеттеген жерлердің бәрін жауып, ашып тастады, кесілген талдардың барлығын полигонға шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр, сонымен қатар ауданымыздағы санитарлық тазалыққа жаупты 9 мердігер мекеме бпрлық аудан бойынша қоқыстарды, сынған бұталардың барлығын жинап, шығаруда. Алдағы уақытта 1 күн, 2 күн уақытта барлығын тазартып шығарып тастаймыз.
Тегтер #Ақтөбе #дауыл #жел #төтенше жағдайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz