RU
Толық нұсқаға өту

Маркетплейстен келетін тауарлар кедендік рәсімдеуден өтеді

22.06.2026, 16:00 39

Енді шетелдік маркетплейстерден сатып алынған тауарлардың құны 200 еуродан асса, қосымша кедендік баж бен қосылған құн салығын төлеу міндеттеледі.

Бағасы белгіленген сомадан аспаса, артық төлемдердің қажеті жоқ. Мұндай жаңашылдық келесі айда күшіне енеді. Бұған қоса, енді әр тауарды декларациялау қажет. Бұл процесс электронды түрде жүзеге асады. Мәселен, маркетплейс операторынан «Қазпоштаға» сатып алушы туралы барлық ақпарат түсуі керек. Яғни тауардың атауы, саны, салмағы және бағасы секілді заттар жазылуы тиіс.

Әсел Исабекова, ҚР Сауда және интеграция министрлігі  департаментінің басқарма басшысы:

- 2025-2026 жылдары онлайн сауданың өсу қарқыны сақталып отыр. Бұған мобильді қосымшалардың дамуы, жеткізу қызметтерінің көбеюі және маркетплейстердің ауқымын кеңейтуі әсер етуде. Өткен жылмен салыстырғанда интернет арқылы тапсырыс беру жиілеп, сатып алынатын тауар түрлері де көбейген. Тұтынушылар тауар таңдаудың мол мүмкіндігі, бағаның қолжетімділігі және тапсырыс рәсімдеудің ыңғайлылығы үшін маркетплейстерді жиі таңдайды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz