Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласындағы мейрамханалардың бірінде тамақтанған 102 адам астан уланды.
Олар облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. 34 науқастан сальмонеллездің белгілері байқалған. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қажетті сынамалар алды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жедел штаб құрылып, Мұғалжар ауданына қосымша медициналық бригадалар жіберлді.
Айгүл Аманжолова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Барлық науқастардан бактерологиялық зерттеуге материалдар алынды. Қазіргі таңда бұл науқастардың барлығының жағдайлары орташа ауырлықта деп бағалануда және қажетті медициналық көмектер ұйымдастырылды. Байланыста болған тұлғаларды анықтау және медициналық бақылау бойынша жұэмыстар жүргізілуде. Бұл жағдай тұрақты бақылауда.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақтөбе #астан уланды #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz