Шымкентте интернет-алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен ұйымдасқан топ құрықталды.
Полиция департаментінің дерегінше, күдіктілер мессенджер арқылы өздерін құрбандарының досы немесе туысы ретінде таныстырып, «шұғыл ақша қажет» деген сылтаумен миллиондаған қаржыны қалтаға басқан. Алаяқтардың құрығына ілінгендердің арасында бір мезетте 3,5 миллион теңгесінен айырылғандар бар. Киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалдамалы пәтерден 19 SIM-карта, 11 ұялы телефон және планшет тәркіледі. Қазіргі уақытта алты күдікті анықталып, олардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Мақсат Шегірбай, қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:
- Қазіргі уақытта күдіктілердің Астана және Шымкент қалаларында жасалған үш алаяқтық дерегіне қатыстылығы анықталды. Келтірілген шығынның жалпы құны 7,5 млн теңге.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Шымкент #полицияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz