Бес жылдың бедерінде ІТ өнімдерінің экспорты бес есе өсті. Келешекте көрсеткіш көбеймесе, кемімейді.
Себебі ел президенті 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, саланы қолдауға қарқын қосуды тапсырған еді. Содан бері секторда серпіліс байқалады. Сондай-ақ қазақ басшысы Қазақстанды Орталық Азиядағы алып ІТ хабқа айналдыруды тапсырған. Президент пәрмені қалай орындалып жатыр?
Бүгінде отандық өнертапқыштардың ІТ өнімдері 100 аса елге экспортталып отыр. Оның сапында АҚШ, Ресей, Сингапур секілді саладағы жетекші мемлекеттер бар. Қалғанын тілші шолуында толығырақ айтып беремін.
Бес жыл бұрын отандық өнертапқыштар 34 млн доллардың ІТ өнімін экспорттаған еді. Содан бері саладағы сыртқа нарықтың сұранысы бес есе өсіп, былтыр экспорт көлемі 1 млн ақш ақшасынан асты. Әсіресе, АҚШ, Ресей, Сингапур секілде елдерде қазақстандық өнімдердің өтіміні жоғары. Сол секілді, Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймағында да сұраныс сұрапыл. Алда әлеует артпаса, әлсіремесі белгілі. Сарапшылар солай дейді.
IT өнімдерінің экспорты
2020 $34.9 млн
2021 $60–76 млн
2022 $337–339 млн
2023 $529 млн
2024 $690–700 млн
2025 $1.1 млрд
Диана Бақбергенова, ІТ саласының сарапшысы:
- Әлеуетіміз жоғары. Өйткені стартаптар, халықаралық аренада танымал. Оларға сенімі көп және бес жыл алдын сенімдері болмады, күмәндері көп болды, Қазақстан ол қандай жер, себебі ақпараты аз болды. Ал қазіргі уақытта әрине, осы стартаптар кейс жасады, басқа ІТ мамандар жақсы сенім қалдырды. Сол себепті осы сома одан әрі өседі.
Қазақстан алып ІТ хабқа айналады
Осы тұста отандық ІТ нарықтың алтын қазығына айналған Астана хаб алаңы жайлы айта кеткен жөн. Қазір мұнда 2,2 мың компания шоғырланған. Оның 25 пайызы шетелдіктер. Стартап жобалар аясында 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 900 млн доллар инвестиция тартылды. Себебі шетелдіктер үшін біздегі талап тиімді , заңдық кепілдік бар, салықтық жеңілдіктер қарастырылған.
Astana Hub - 2,2 мың ІТ компания
Жұмыс орны - 30 мың адам
Инвестиция - 900 млн доллар
Әшімбек Әбілғазинов, Astana Hub бизнес бағдарламалар кеңсесінің директоры:
- Салықтан босатылады біздің стартаптар, мұның басты мақсаты салыққа салатын ақшаны қайтадан өзінің жобасына құйып, оны одан әрі өсіруге мүмкіндік беру. Сол секілді бізде білім жағынан тиісті экспертизия, инкувация бағдарламалары бар. Мұның барлығы осы әр стартаптың, одан сайын өсуіне, жаңа нарыққа шығуға көмектеседі.
Қазақстан үшін Орталық Азиядағы алып ІТ хабқа айналу үшін интернет тарату һәм тасымалдау әлеуетін арттыру да маңызды. Осы мақсатта еліміз Еуропа мен Азияда арасындағы алтын көпірге айналмақ. Әңгіме Каспий теңізінің түбіндегі оптикалық кабельдің құрылысы жайлы. Жауаптылар жобаны жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, қазақ басшысы жылқы жылын - Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бұл да бекер емес. Енді елде ІТ өнімдердің өндірісі өркен жайып, сан саланы сандық жүйеге көшіру ісі ілгерлейді. Жауаптылар жыл бедерінде жасанды интеллектінің қолдану аясын арттырады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ІТ #экспортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz