Мектеп бітіруші түлектер көлік шеруін ұйымдастырып, жол ережесін бірнеше рет бұзды. Бұл жолы оқиға Түркістан облысының Кентау қаласында болды.
Жүргізушілер жолаушы тасымалдау қағидаларын өрескел бұзды. Қауіпсіздік белдігін тақпай, жолда жүру ережелерін сақтамады. Тексеріс нәтижесінде осы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал көлік құралдары айып тұрағына қойылды. Полиция қызметкерлері түлектер мен олардың ата-аналарына жол ережесін сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау жайын ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Гүлнар Әбдіжаппарова, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
- Түркістан қалалық полициясының жедел әрекеттерінің нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу қамтамасыз етіліп, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол берілген жоқ. Полиция азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, жол қозғалысы ережелерін бұзбауға және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #түлектер #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz