Жамбыл облысында пойыз вагондарының рельстен шығып кету жағдайлары көбейген. Биылғы жылдың алғашқы бес айында осындай 9 оқиға тіркелген.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен астам көп. Былтыр осы уақытта 4 дерек анықталған. Аталған мәселе қозғалыс қауіпсіздігіне арналған арнайы кеңесте қаралды. Тексеру нәтижесінде теміржол тұйықтарының бірқатар иелеріне әкімшілік шара қолданылып, жалпы сомасы шамамен 2 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Мамандардың айтуынша, вагондардың рельстен шығып кетуіне негізінен рельстердің кеңеюі, бағыттама бұрмаларының ақауы, жол құрылымының тозуы және қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болып отыр.
Саят Сейітжан, Жамбыл көлік прокуроры:
- Біз осы жиналысты өткізіп, барлықтарына жеткізу басты мақсатымыз. Білесіз, «Заң мен тәртіп» қағидасының шенберіңде және президентіміздің, бас прокурордың және бас көлік прокурорының тапсырмасының негізінде қауіпсіздік - ең бірінші мәселе болып есептеленеді. Сол осы қауіпсіздіктің алдын алуы және болдырмауы үшін осы жиналыс өткізілді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жамбыл облысы #вагондарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz