Атырауда облыс орталығындағы Абай көшесінде орналасқан 5 үйде жаңғырту жұмыстары басталды.
Оған қала бюджетінен 437 млн теңге бөлініп, 3 мердігер іске кірісті. Жобаның мақсаты ғимараттардың сыртқы келбетін жақсартып, тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Атырау қаласы бойынша өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған 2-3 қабатты 100-ге тарта үй бар. Олардың шатырлары тозып, балкондары мен есік-терезелері жарамсыз күйге жеткен. Осыған орай өңірлік даму бағдарламасы аясында 2023 жылдан бері 17 көп қабатты үй жөнделді.
Еркеназ Қалижан, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Қазір 4 үй бойынша шатыр және есіктерін ауыстыру, терезелерін ауыстыру қас беттерін жөндеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстарды аяқтау осы жылдың қыркүйек айына жоспарлануда. Жалпы жұмыстың сапалы және уақытылы орындалуын Атырау қаласы әкімдігінің тұрақты бақылауында. 2027-29 жылдарға 13 үй осындай сәулеттің жаңғыртудан өтеді деп жоспарланып отыр.
Тегтер #Атырау #жаңарту #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz