Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласындағы «Тұмар» мейрамханасында 113 адамның жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «24KZ».
Полицияның мәліметінше, тергеу санитарлық талаптар мен гигиеналық нормалардың сақталмауы дерегі бойынша жүргізіліп жатыр. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Уланғандардың барлығы мейрамханада өткен тойға қатысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, 34 адамнан сальмонеллез белгілері анықталған.
Зардап шеккендер Ақтөбе мен Мұғалжар ауданындағы ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа деп бағалады.
Тергеу аяқталғанға дейін мейрамхана қызметі уақытша тоқтатылды.
Тегтер #Ақтөбе #улану #қылмыстық іс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz