Шымкенттік полицейлер енді қызмет барысында мотоцикл және электрлі самокаттармен қозғалады.
Тәртіп сақшылары қала көшелерін осы заманауи әрі ыңғайлы көлік құралдарымен күзетіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Полиция департаменті өкілдернің мәліметінше, бұл жаңашылдықтың арқасында автокөлік жете алмайтын тар көшелерді, саябақтар мен демалыс орындарын жіті бақылауға мүмкіндік туады. Кептеліс уақытында да оқиға орнына жедел жетуге болады. Арнайы взводтағы электросамокаттар мен мотоциклдердің қатарын үш есе көбейту жоспарланған.
Мәди Ахметов, Қалалық ПД Патрульдік полиция полкінің взвод командирі:
- Мотоцикльдің қосымша қолданылу себептері «затор» болады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін потрульдеу жасалады. Биыл қосымша 10 мотоцикль беріледі. Әрі қарай тағы көбейтіле береді. Оған арнайы взводта А категориясы бар қызметкерлер арнайы дайындалып, айдап жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Шымкент #полиция #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz