RU
Толық нұсқаға өту

Елде орташа өмір ұзақтығы 76 жасқа таяды

24.06.2026, 09:25 41

Рзакүл әже 74-інде парапланға мінді. Ел көріп, жер көріп салауатты өмір салтын ұстанған кез келген жан ұзақ ғұмыр кешуге тиіс. Елде халықтың өмір сүру ұзақтығы қазір 76 жасқа таяды. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, екі жыл бұрын орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жылдан енді асқан еді. Мұнда ауылдағыларға қарағанда қаладағылардың ұзақ өмір сүретіні белгілі болды. Яғни ауылда тұратын отандастарымыздың ғұмыры орта есеппен 75 жасқа жуықтаса, қалалықтар олардан 2 жыл артық жасайды. Ал гендерлік жағынан қарасақ, қашанда әйелдердің өмірі ұзақтау. Егер, ер-азаматтар 72 жыл өмір сүрсе, әйелдердің ғұмыры 80 жасқа дейін барады. Мамандар орташа өмір жасының ұзаруын тұрмыс салтының өзгеруі, медицина сапасы және экологияның жақсаруымен байланыстырады. 

Манар Смағұл, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары:

- Жасымыз тек қана ұзақ емес, өміріміз сапалы болуы керек. Ең бастысы, дұрыс тамақтану, күнделікті қозғалыс болу керек. Одан кейін сапалы су ішу, ол да өте маңызды. Сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығы. Қазір бірыңғай денсаулық деген жаңа тұжырымдама бар. Бірқатар министрліпен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстардың бірі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz