ҚР Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері Тау дайындығы орталығының альпинистер тобы Солтүстік Американың ең биік нүктесі – Денали шыңын бағындырды, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, экспедиция барысында еліміздің әскери қызметшілері шың басында еліміздің Мемлекеттік Туы мен Арнайы операциялар күштерінің туын салтанатты түрде көтерді.
«Экспедиция әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығын, төзімділігі мен рух күшін айқын көрсетті. Солтүстік Американың ең биік шыңын бағындыру олардың тамаша дене психологиялық дайындығымен қатар, отансүйгіштік, ерлік пен табандылық қасиеттерін паш етті», делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Денали – Солтүстік Америкадағы ең биік тау шыңы. Оның биіктігі 6190 метр. Шың АҚШ-тың Аляска штатында орналасқан Денали ұлттық паркі мен қорығының аумағына кіреді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ҚР Қорғаныс министрлігі #Денали шыңы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz