Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр 88 ауылға тіршілік нәрі тартылды. Өңірде ірі топтық құбырлар жаңғыртылып, тұрғындар суды үйіне дейін тартқызып алды. |
Мирон ауылының тұрғыны Ұмсын Тоққожынова өмір бойы құдықтан су тасып ішті. «Енді олкүндер артта қалды», - дейді зейнеткер. Былтыр елдімекенде су жүйесі іске қосылып, тұрғындар тура үйіне дейін тартқызып алды. Оның сапасы да жақсы.
Ұмсын Тоққыжынова Мирон ауылының тұрғыны:
- Бұрын өзімізде құдықта су ащы болды. Енді былтыр суды қосып, биыл үйге кіргізіп берді. Биыл суымыз жақсы. Ащы емес, тұщы деп айтуға болады. Қаланың суынан біздің су жақсы деп айтып жатыр қаладағы немерем дәмін көріп. Денсаулыққа да зияны тимейді.
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында Президент тапсырмасымен халықты сапалы ауызсумен қамтуға 73 млрд теңге жұмсалды. Оның бір бөлігі қайтарылған активтер есебінен бөлінді. Бұл қаражатқа 88 елдімекенге тіршілік нәрі тартылды.
Берік Төребеков, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
- Қабылданған шаралар нәтижесінде ауылдық елдімекендерге сумен жабдықтау қызметтерін қамту деңгейі ұлғайды. Ағымдағы жылға келетін болсақ, қолданыстағы сумен жабдықтау объектілерін жаңарту бойынша 17 жобаны іске асыру жоспарланған. Ол жобалаларға 3,6 млрд теңге қаражат қарастырылған.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы тілші:
- Солтүстік Қазақстан облысында 590 елдімекен бар. Қазір олардың бәрі сапалы ауызсумен қамтылды. Өңірде Соколов, Преснов және Булаев ірі топтық су құбырлары қайта жаңғыртылды. Ал кейбір ауылдар Көкшетау топтық су құбырына қосылды. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Авторы: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков
Тегтер #ауызсу #құбыр #тұрғын #СҚО
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz