Мемлекетке 1,2 млрд теңге шығын келтірді деген күдікпен «Восток Инжиниринг» ЖШС басшысына іздеу жарияланды, деп хабарлайды «24KZ».
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаменті 2020–2023 жылдар аралығында ШҚО мен Абай облысының аумағында орналасқан жеті әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына техникалық қадағалау жүргізген «Восток Инжиниринг» ЖШС басшысына қатысты тергеу амалдарын жүргізуде.
Компанияның міндетіне құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін, сапасын және жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін бақылау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сумен жабдықтау нысандары мен жағалауды бекіту құрылыстарын салу кезінде нақты орындалған жұмыстарды растау кірген.
Алайда көрсетілген қызметтер үшін төлем алғанына қарамастан, құрылысқа тиісті бақылау жүргізілмеген. Кәсіпорын басшысы орындалған жұмыс көлемдері туралы жалған мәліметтер қамтылған актілерге қол қойып отырған.
Тінту барысында мөрлердің көшірмелері мен жалған актілер анықталды.
Мемлекетке келтірілген залал 1,2 млрд теңгеден асты.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ШҚО #қылмыс #іздеу жарияланды #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz