RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Кегенде полицейдің жанып кеткен денесі табылды

24.06.2026, 11:29 102

Алматы облысы Кеген ауданында 37 жастағы алматылық полицейдің денесі табылды деп хабарлайды «24KZ». 

Алматы облыстық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

23 маусымда полицияға таулы аймақтан мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы шықты. Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген хабарламада.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz