Шығыс Қазақстан облысындағы орман шаруашылықтары өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылады. «Бұл 3 миллион гектар орман алқабы бар өңір үшін маңызы зор», - дейді мамандар.
Қазір Марқакөл мен Риддерде өрт қаупі өте жоғары. Себебі соңғы күндері аймақта термометр көрсеткіші 35 градустан түспей тұр. Ал жаз басталғалы орманда 15 өрт тіркелген. Қазір қызыл жалын ошағын жасанды интеллект көмегімен ерте анықтауға ден қойылып келеді. Бұл мақсатта 36 дрон аппараты алынды. Енді ең ірі шаруашылықтар аумағына антенналы құрылғылар орнатылады. Олар түтінді шұғыл тіркеп, деректерді орталыққа жеткізеді.
Мұрат Құсайынов, Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасының басшысы:
- Он төрт миллиардқа 90 матчты сооружение қойғалы жатырмыз. Бірінші кезекте 3 миллиардқа Ұлан ауданы, Асубұлақ орманшылығы, Самар ауданы Самар орманшылығы тұр. Жалпы барлығы 90 матчты 9 лесхоз көлемінде облыс бойынша қойылады.
Тегтер #өрт #орман шаруашылығы #орман алқабы #ШҚОPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz