RU
Толық нұсқаға өту
Видеодан алынған кадр

1,5 млн теңге шығын келтірді: Астанада ер адам лифтімен «төбелесті»

24.06.2026, 16:17 47

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 34 жастағы мас ер адам бұзақылық жасады, деп хабарлайды «24KZ».

Елордалық ПД мәліметінше, ішімдікке тойып алған ер адам тұрғын үйдегі жеделсатыны қиратқан. Ол лифт есігін қолмен күштеп ашуға әрекеттеніп, артынан тепкілей бастаған. Біріншісін сындырған соң, екіншісіне көшеді.  

Бұзақының барлығы әрекеті тұрғын үй кешені ішінде тұрған бейнекамераға түсіп қалды.

Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

1,5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келді –делінген хабарламада.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz