Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы әлеуметтік маңызы бар 7 нысанның құрылысына техникалық қадағалау жүргізген компанияның басшысына іздеу жарияланды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, лауазымды тұлға құрылысқа тиісті бақылау жүргізбеген. Жалған деректер жазылған құжаттарға қол қойған. Нысандар қатарында денешынықтыру-сауықтыру кешендері, ауызсу желісі мен жағалауды бекіту құрылыстары бар. Кейбір жоба әлі күнге дейін тапсырылмаған. Үлкен Нарындағы бассейн құрылысы сегіз жылдан бері бітпей тұр. Аталған дерек бойынша агенттік сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізуде. Сот кәсіпорын басшысына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазір оған іздеу жарияланған.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Көрсетілген қызметтер үшін төлем алғанына қарамастан құрылысқа тиісті бақылау жүргізілмеген. Кәсіпорын басшысы орындалған жұмыс көлемдері туралы жалған мәліметтер қамтылған актілерге қол қойып отырған. Тінту барысында мөрлердің көшірмелері мен жалған актілер анықталды. Мемлекетке келтірілген залал 1,2 миллиард теңгеден асты.
Тегтер #Заң мен тәртіп #ШҚО #техника #компания #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz