RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында жыл басынан бері сегіз бала терезеден құлаған

24.06.2026, 20:00 51

Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 бала көп қабатты үйлердің терезесінен құлап, түрлі жарақат алған.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір жағдайға артық. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары көп қабатты тұрғын үйлердің терезелеріне 200-ге жуық арнайы бұғаттағыш құрылғы орнатқан. Сонымен қатар құтқарушылар қаладағы ықшам аудандарды аралап, тұрғындарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын түсіндіруде. Биыл профилактикалық жұмыстарға алғаш рет ұшқышсыз ұшу аппараттары да тартылып отыр. Дрондардың көмегімен көп қабатты үйлердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі әуеден бақылауға алынып, ықтимал қауіп-қатерлер анықталуда. Құтқарушылардың айтуынша, мұндай рейдтік және түсіндіру жұмыстары жаз бойы тұрақты түрде жалғасады.

Асхат Оразбеков, облыстық ТЖД басқармасының басшысы:

- Адамдар көп шоғырланатын орындарда, аэропорт, автовокзал деген орындарда LED экрандарда арнайы бейнероликтер көрсетілуде және билбордтар ілінуде. Сонымен қатар қазіргі таңда балалар лагерьлерінде балалардың қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz