«AFM AI Hackathon» биыл үшінші рет өтіп отыр. Ауқымды іс-шараға елдің барлық өңірінен 400-ге жуық адам жиналды. Олардың қатарында IT-мамандар, бағдарлама әзірлеушілері, деректерді талдаушылар, жасанды интеллект саласының сарапшылары мен студенттер бар. Қатысушылар көлеңкелі интернетті мониторингтеу, деректер базасын қорғау және әлеуметтік желілерде заңсыз ойын бизнесі мен қаржы пирамидаларының белгілерін анықтайтын жоба әзірлеуі тиіс. Үздіктер Қаржылық мониторинг агенттігінің марапаттауына ие болады. Биыл байқаудың жүлде қоры 6 млн теңге. Сондай-ақ топ жарған жобаларды қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл барысында қолдану қарастырылған.
Ернар Тайжан, Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Мақсатымыз – жастардың, әсіресе цифрлық заман дамыған тұстағы жастардың өнімдерін көру, бақылау, оларға баға беру. Қажетін біздің жұмысымызға қолдану. Өйткені қазір өздеріңіз де білесіз, алаяқтар да қол қусырып отырған жоқ. Технология дамыған сайын адамдарды алдау тәсілдері де әртүрлі болып тұр. Сол себепті олардан бір адым алда жүруіміз керек.
Нұрасыл Кеңесхан, байқауға қатысушы:
- Біздің таңдаған тапсырмамыз ол AI Media Watch дейді, әлеуметтік желілерде медиа, аудио немесе мәтіндік материалдарда жасанды интеллект анализдары арқылы талдап, олардың арасынан мысалыға қаржылық пирамида немесе заңсыз құмар ойын белгілерін анықтау болып табылады.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Қаржылық мониторинг агенттігі #байқау #жасанды интеллект жылы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz