RU
Толық нұсқаға өту

«Самұрық-Энерго» 20 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр

24.06.2026, 21:23 46

Биыл елімізде энергия қуатын өндіруге бағытталған ірі стратегиялық жобаларды іске асырудың белсенді кезеңі басталды.

Бұл бағытта жетекші рольді «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы атқарып келеді. Компания жыл соңына дейін энергетикалық нысандарды бастан аяқ салу бойынша 10 келісім-шартқа қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл энергия жүйесінің тиімділігін арттырып, өңірлерді тұрақты жылу және электр энергиясымен қамтуға мүмкіндік береді.

Елімізде іске қосылатын энергетикалық жобалардың жартысы «Самұрық-Энергоның» үлесіне тиесілі. Компанияның инвестициялық портфелінде жалпы қуаты 12,6 ГВт болатын энергетикалық нысандарды салуға және жаңғыртуға бағытталған 20 ірі жоба бар. Олардың қатарында көмір және газ генерациясы, жаңартылатын энергия көздері, су электр станциялары мен гидроаккумуляциялық электр станциялары бойынша жобалар қамтылған.

Аңсар Айдаров, «Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялар жөніндегі бас директоры:

- Осы мақсаттарға жету үшін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді: тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жұмыстары ұйымдастырылды. Бес жоба бойынша мердігерлер құрылыс алаңдарындағы жұмыстарды бастап кетті.

Газ генерациясы бағытында Алматыдағы екінші жылу электр орталығын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ қазір үшінші жылу электр орталығын қайта жаңарту жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр.

Аңсар Айдаров, «Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялар жөніндегі бас директоры:

- Самұрық-Энерго көмір генерациясы саласындағы жобаларды да жүзеге асырып жатыр. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында «таза көмір» технологияларын қолдана отырып, жаңа жылу электр орталықтары салынуда. Сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-2 станциясында №3 және №4 энергия блоктарын орнату арқылы станцияны кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Компания сондай-ақ Жамбыл, Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарында ірі жел және күн электр станцияларын салуда. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен «Самұрық-Энерго» жобалардың негізгі инвесторы ретінде Франция, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Қытайдың жетекші инвесторларымен бірлесе қызмет атқарып келеді.

Назым Кенжебай, Арман Ақшабаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz