Абай облысындағы Алакөл жағалауында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында туристік полиция қызметі жұмысын бастады.
Енді тәртіп сақшылары курорттық аймақты тәулік бойы патрульдеп, заманауи көліктерді пайдалану арқылы демалушыларға жедел қызмет көрсетеді. Туристік полиция қызметкерлері электрмобиль, квадроцикл және электр самокаттармен жағалауды аралап, қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Сондай-ақ олар қазақ және орыс тілдерімен қатар ағылшын, қытай және неміс тілдерін меңгерген. Бұл шетелдік қонақтарға қажетті ақпарат беріп, түрлі мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Қауіпсіздік шараларын күшейту үшін курорттық аймақта бет-әлпетті тану функциясымен жабдықталған 200-ден астам «ақылды» бейнебақылау камерасы орнатылған.
Бақытбек Сыдықбаев, Абай облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Полиция қызметкерлері жағажайдағы қоғамдық тәртіпті қадағалап, демалушыларға көмек көрсетуді және оқыс жағдайлардың алдын алып отыр. Жедел патрульдеу үшін электромобильдер мен квадратциклдер қолданылып жатыр. Сондай-ақ аумақ бейнебақылау камераларымен толық қамтылған. Негізгі басымдық судағы қауіпсіздік пен алкогольдік ішімдікке байланысты оқиғалардың алдын алу.
Тегтер #Алакөл #туристік полиция #демалушылар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz