RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды

25.06.2026, 09:03 50

Астана – Семей – Достық бағытындағы №121/122 пойызында Starlink технологиясы бойынша спутниктік интернет қосылды, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл — интернет желісіне қосылған жеке тасымалдаушылар қызмет көрсететін алғашқы бағыт.

Жоба Көлік министрлігінің заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру бойынша жұмысы аясында жүзеге асырылды.

Спутник байланысын пайдалану бұрын ұялы телефон байланысы болмаған теміржол учаскелерінде интернетке қосылуды қамтамасыз етеді. Бұл жолаушыларға маршруттың шалғай учаскелерінде де байланыста болуға мүмкіндік береді.

Қосылу үшін пойыздағы Wi-Fi желісін таңдап, авторизациядан өту қажет.

Жолаушыларға қосылудың екі нұсқасы бар:

WhatsApp және Telegram-да мәтіндік хабар алмасу үшін ақысыз қол жетімділік;
интернет-ресурстарға, әлеуметтік желілерге, бейне сервистерге және жұмыс қосымшаларына толық қолжетімділігі бар ақылы тариф.

Қызметтер үшін төлем Kaspi.kz, Halyk, Apple Pay, Google Pay, Visa және MasterCard банк карталары сияқты ыңғайлы әдістер арқылы жүзеге асырылады.

Спутниктік интернетті енгізу жолаушылардың жайлылығын арттырып, цифрлық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтеді және теміржол көлігі қызметтерінің сапасын ұлғайтады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz