Қазақстанда еңбек заңнамасына маңызды түзетулер енгізілді. Енді демалысқа немесе денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағына шыққан әріптесінің міндетін атқаратын қызметкерлерге қосымша ақы төленуі міндетті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексінің 111-бабына түзетулер енгізді. Бұған дейін компаниялар егер әріптесін алмастыру міндеті қызметкердің еңбек шартында алдын ала жазылған болса, қосымша ақы төлеуден жалтарып келген еді. Енді бұл норма заңнан толығымен алынып тасталды.
Ведомствоның Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Арайлым Ибраеваның түсіндіруінше, 2026 жылдың 8 маусымынан бастап кез келген алмастыру ресми түрде қосымша жүктеме болып есептеледі және жұмыс беруші ол үшін ақы төлеуге міндетті.
Жұмыс беруші қосымша ақы көлемін өз бетінше белгілей алмайды. Ол мұны қызметкермен келісуі шарт. Егер жұмысшы төлемақы көлеміне келіспесе, басшылық оған алмастыру міндетін біржақты тәртіппен жүктей алмайды.
Сарапшының айтуынша, егер басшылық заңды үстемеақыны төлеуден бас тартса, қызметкер алдымен мәселені жазбаша түрде ресімдеуі керек. Жұмыс берушіге кеңсе, электронды құжат айналымы немесе ресми хат арқылы өтініш жолдап, фактіні тіркеу қажет.
Егер ресми бұйрық шықпаса, қызметкер өзінің ол жұмысты атқарғанын дәлелдейтін құжаттарды (электронды хаттар, мессенджердегі тапсырмалар, есептер, әріптесінің орнына қол қойған құжаттар) сақтап қоюы тиіс.
Егер басшылық заңды үстемеақыны төлеуден бас тартса, қызметкер алдымен мәселені жазбаша түрде ресімдеуі керек дейді сарапшы.
Шартта немесе лауазымдық нұсқаулықта „басқа қызметкерді алмастырады“ деген тармақтың болуы енді жұмыс берушіні ақы төлеуден босатпайды. Заң шығарушы органдар бұл саңылауды жапты. Сондай-ақ, заңды құқығын талап еткені үшін қызметкерді жұмыстан шығару немесе тәртіптік жаза қолдану мүлдем заңсыз және ол жұмыс беруші үшін ауыр құқықтық салдарға әкеп соғады.
Мамандар еңбек дауының алдын алу үшін кез келген алмастыру жұмысы басталмас бұрын, төлемақы көлемі көрсетілген арнайы бұйрықты талап етуге кеңес береді.
Заң қызметкерді толық қорғайды. Заңды құқығын талап еткені үшін қызметкерге тәртіптік жаза қолдану, жұмысына кедергі жасау немесе жұмыстан шығару мүлдем заңсыз. Бұл жұмыс берушінің өзіне ауыр құқықтық салдар әкеледі.
Егер компания өз қызметкерлеріне әріптестерін алмастырғаны үшін ақы төлеуден бас тартса, оның соңы келесідей салдарға әкеп соғады:
Мемлекеттік еңбек инспекциясының орындалуы міндетті нұсқамасы;
Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік ;
Сот шешімімен қызметкердің барлық тиесілі ақшасын толық қайтару міндеті;
Сот шығындары мен компанияның беделіне нұқсан келуі.
Сонымен қатар, еңбек құқығын жүйелі түрде бұзатын кәсіпорындар бақылаушы органдардың жіті қадағалауына ілінетін болады.
Тегтер #еңбек кодексі #құқық #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz