RU
Толық нұсқаға өту

Әскерден қалдыруға көмектесемін: Ақтөбе облысында жас жігітті алдаған алаяқ ұсталды

25.06.2026, 12:02 46

Ақтөбе облысында әскерден кейінге қалдыруға көмектесемін деп ақша алған жас жігіт ұсталды деп хабарлайды «24KZ».

Полицияға әскерге шақыруға байланысты медициналық комиссиядан өтіп жүрген 20 жастағы тұрғын жүгінді. 

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз азамат 250 мың теңге көлемінде ақшаға әскери қызметтен кейінге қалдыру рәсімдеуге көмектесетінін айтып уәде берген. Оның сөзіне сенген жас жігіт көрсетілген соманы қолма-қол берген. Алайда ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысқа шықпай, уәдесін орындамаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Аталған факті бойынша алаяқтық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Істің барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады.

Әскери қызметтен босату немесе кейінге қалдыру, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік қызметтерді алу секілді мәселелерді ақша арқылы шешіп беремін деген адамдарға сенбеңіздер. Мұндай ұсыныстардың басым бөлігі алаяқтық әрекеттер болып табылады.

Әскери қызметке қатысты барлық шешімдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес тек уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы қабылданады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz