RU
Толық нұсқаға өту

Еуразия даму банкінің алдағы даму стратегиясы бекітілді

25.06.2026, 12:53 39

Еуразия даму банкінің 2027-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді. 

Үкімет басшысы қаржы институтының кеңесін өткізіп, алдағы жоспарды талқылады. Құжатқа сәйкес көлік-логистика кешенін дамытып, жоғары қайта бөлу өнеркәсібін қаржыландыру және ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделген. Отырыста кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша банк кеңесінің төрағасы болып Премьер-министр Олжас Бектенов қайта сайланды. Оның орынбасары ретінде қаржы министрі Мәди Такиев те қайта тағайындалды. Еуразия даму банкі 7 елді біріктіреді. Былтыр қоржынындағы инвестиция 19 млрд 600 млн долларға жеткен. 326 жобасы бар. Экономикаға құйылған қаржы көлемі 64 млрд доллардан асқан. Банктің «жасыл» жобаларға арналған сома 17%-ға өсіп, 1 млрд доллар болды. Ондағы Қазақстанның үлесі 4 млрд 200 млн доллар. Қазіргі таңда 46 жоба жүзеге асырылып жатыр. Ал 2022-2026 жылдар аралығында ел экономикасына 5 млрд 200 млн доллар салынған. Бұл 15 жылда тартылған инвестициямен шамалас. Олжас Бектенов шетелдік инвестициялар үшін «ашық есік» саясаты елдің стратегиялық басымдығы болып қалатынын айтты.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz