Қытайдың Үрімші қаласында «Қытай-Еуразия» IX халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады.
Ауқымды шара аясында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылып, онда еліміздің 30-дан астам компаниясы өз өнімдерін таныстырылып жатыр. Көрмеде агроөнеркәсіптік кешен өнімдері, тамақ және жеңіл өнеркәсіп тауарлары ұсынылған. Сонымен қатар түйе сүтінен дайындалған құрғақ ұнтақ, халықаралық сапа стандарттарына сай ет және балық өнімдері келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қатысты. Оның айтуынша, Қазақстан ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, металлургия және химия салаларындағы өнім экспортын ұлғайтуға дайын. Министр Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қазақстан үшін Қытай нарығына шығатын негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті. Айта кетейік, көрмеге 49 ел мен өңірдің өкілдері қатысып отыр. Бағдарлама аясында 80-нен астам іс-шара өткізу жоспарланған. Олардың қатарында Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктеріне арналған арнайы сессия да бар. Халықаралық көрмесі 29 маусымға дейін жалғасады.
Тегтер #Қытай #Еуразия #Қазақстан павильоныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz