RU
Толық нұсқаға өту

Тұрғын үй сатып алушылар саны азайған

25.06.2026, 16:10 35

Биыл елде баспаналы болғандардың саны былтырғы жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда 20 пайызға азайған.

Сарапшылар бұған басты себеп қосылған құн салығы мен бағаның құбылуы дейді. Осы секілді құрылыс материалдары, логистиканың да әсері бар. Дегенмен тұрғын үйге деген сұраныстың азайғанына қарамастан үйлер өз бағасын жоғалтпаған екен. Ал статистика бюросының дерегінше мамыр айында Қазақстанда 35 мыңнан астам баспана саудаланыпты. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 13 пайызға аз. Тұрғын үй саудасы көп болған қалалардың көшін Астана, Алматы және Қарағанды бастап тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында екен. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz