RU
Толық нұсқаға өту

Оралда «QADAM» медиафорумы өтті

25.06.2026, 17:30 38

Батыс Қазақстан облысында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, «QADAM» медиафорумы өтті.  

Іс-шарада медиакеңістіктегі өзекті мәселелер талқыланды. Спикерлер саланың дамуына серпін беретін ойларын ортаға салды. Сондай-ақ ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту керектігін айтты. Форум аясында үздік журналистер марапатталды. 

Батыс Қазақстан облысында 123 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның 13-і ақпарат агенттігі болса, 12-і электронды, 98-і баспа басылымдар. Бүгінгі медиафорумда заманауи медианың даму бағыттары, тілшілер мен баспасөз хатшылары және контент өндірушілер арасында байланысты нығайту, қоғаммен коммуникация бағытында кәсіби диалогты дамыту жайы талқыланды, жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылды. Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде ақпарат құралдарының қоғамдағы айрықша орнына тоқталды.

Қайыржан Меңдіғалиев, облыс әкімінің орынбасары:

- Сіздердің еңбектеріңіз қоғам дамуы үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы айтқандай, журналист - мәртебелі мамандық. Ол ақиқат сөздің, өткір ойдың, шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы.

Форум спикерлері атап өткендей бүгінгідей іс-шаралар ақпарат құралдары өкілдеріне жаңа идеяларды жүзеге асыруға, заманауи медиатрендтерді сараптауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Форумда айтылған барлық ой-пікір өңір медиа саласының дамуына ықпал етпек.

Тоқтар Кенжеғалиев, «Жайықпресс» ЖШС Бас директорының орынбасары:

- Жасанды интеллект өмірімізге дендеп енген уақытта журналистиканың негізгі міндеті сапалы, сенімді және нақты ақпарат беру болу керек деп есептейміз. Себебі қазіргі ақпарат бұрынғыдай емес, ауылға апталап-айлап емес, көзді ашып-жұмғанша лезде жетеді. Сондықтан біздің қоғамымыздың бет-бейнесі дұрыс қалыптассын десек кәсіби журналистердің өзінің білім-білігін көтеруі өте маңызды. 

Форум барысында сала үздіктері марапатталды.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz