RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Жұмыссыздарға арналған тегін оқу: 43 мың теңге шәкіртақы беріледі

26.06.2026, 09:59 58

Жұмыссыз азаматтар жаңа мамандықты тегін меңгеріп, мемлекеттен қаржылай қолдау ала алады, деп хабарлайды «24KZ».

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы басталғанын мәлімдеді.

Министрлігі жұмыссыз азаматтарға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасын іске асырып отыр. Оқу мерзімі — 6 айға дейін.

Бағдарлама қатысушыларына келесідей мемлекеттік қолдау көрсетіледі:

шәкіртақы (43 574 теңге); 

жол жүру (17 300 теңге) және тұру (64 875 теңгеге дейін) шығындары;

медициналық тексеруден өту ақысы.

Сондай-ақ, оқуды жұмыс берушіде тікелей өндірістік ортада өтуге болады (айына 86 500 теңге жалақы қарастырылған). Сонымен қатар, Skills.enbek.kz порталы арқылы онлайн біліктілікті арттыруға мүмкіндік бар — жыл басынан бері 37 мыңнан астам адам осы платформа арқылы оқыды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz