Атырау облысында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты істі қарап жатқан судья Зарема Хамидуллина сот процесінің неге ұзаққа созылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды «24KZ».
Судья Зарема Хамидуллинаның айтуынша, айыпталушының кінәсін мойындауы үкім шығаруға бірден негіз бола алмайды.
«Кінәні мойындау ғана жеткіліксіз» деді ол.
Судьяның түсіндіруінше, сот барлық дәлелдерді – куәгерлердің жауабы, бейнежазбалар және өзге де материалдарды толық зерттеуі тиіс. Егер дәлелдер сотта қаралмаса, үкім кезінде оған сүйенуге болмайды.
"Егер дәлелдер зерттелмесе, тараптар сот жарыссөзінде де оларға сілтеме жасай алмайды. Сондықтан барлық материалды жан-жақты зерделеу уақытты талап етеді", – деді судья «Атырау» газетіне берген сұхбатында.
Сондай-ақ, соттың міндеті тек кінәні тіркеу емес, істің барлық мән-жайын жан-жақты анықтау екенін атап өтті.
Тегтер #Атырау обл #сот #Сәрсемалиев #судья #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz