Алматыда әлеуметтік желіде әкесінен бала кезінен зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген Juzzefina лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жайуынбаева әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ».
Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында блогердің әкесі тарапынан өзіне зорлық көрсетілгені туралы айтқан видеолары тексерілген. Тергеу кезінде блогерден және оның ата-анасынан жауап алынып, айтылған мәліметтер расталмаған.
«Құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпарат расталмады. Бейнежазбада Алматы қаласының тұрғыны тыйым салынған заттарды қолданғанын көрсеткен. Медициналық куәландыру оның есірткі заттарын қолданғанын растады», – деген ведомства өкілдері таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, видеолардың бірінде блогердің тыйым салынған заттарды қолданғаны байқалған болатын. Медициналық куәландыру оның есірткі пайдаланғанын растаған.
Осыған байланысты полиция оның әрекеттерінен жалған ақпарат тарату және ұсақ бұзақылық белгілерін анықтап, әкімшілік іс материалдарын сотқа жолдады.
Сот шешімімен блогер Жұлдыз Жауынбаева 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ресми ескертудің талаптарын бұзғаны үшін оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Тегтер #Juzzefina #блогер #қамауға алынды #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz